ӨЗІМІЗ ТУРАЛЫ
Нарықта 2003 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан, Қазақстандағы жалғыз франчайзингтік ломбард болып табылады. Біздің ломбард алтын және асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдардың кепілдігімен несие беруге бағдарланған. Біздің желіде ең тиімді пайыздық көрсеткіштер мен жоғары бағалар таба аласыздар. Біз үшін «франчайзинг», бизнес жүргізудің басым бағыттарының бірі болып табылады.
Франчайзингтің мәні - табысты жұмыс істейтін бизнесті «тарату». Тараптардың бірі басқа компанияның қызметінде өз атын, фирмалық стилін, тәжірибесі мен білімін, технологиясын пайдалану құқығын ұсынады. Екінші тарап инвестицияларын салады және бизнес жүргізу технологиясын пайдалану құқығына ие болады. Біз сіздерге еліміздің кез келген бұрышынан сіздердің өз жекеменшік ломбардтарыңызды серіктестік шарттармен ашуды ұсынамыз. Өз қаражаттарыңызды франчайзингтік ұйымдарға (мекемелерге) салуға келісімдеріңізді бере отырып, сіздер сонда да бизнестің тәуелсіз иесі болып қала бересіздер, алайда, сіздер бізден кәсіби қолдау көресіздер.
Сіздер «Неліктен тек қана ломбард?» деп сұрарсыздар.
Оның себебі, адам ломбардқа келгенде, 20 минуттың ішінде зергерлік бұйымдарын өткізеді және ол үшін сомасын алады. Сонымен, әрі бітпейтін қағазбастылықтан, кепілгерлік қажет етушіліктен т.б. құтылады. Бір де бір банк мұндай шарттарымен мақтана алмайды.
Франшиза-франчайзинг шартының нысанасы, франчайзердің брендін және бизнес-моделін пайдалану құқықтарынан құралатын игілікті істер, сондай-ақ, бизнес ашуға және жүргізуге қажетті өзге де игі істердің жинағы. Франшиза ретінде ақыға ұсынылатын және зияткерлік меншікті қорғау туралы заңға сәйкес рәсімделген бизнесті жүргізу әдістері, тауар белгісі, беретін (франчайзер) және алатын (франчайзи) тараптар арасындағы өзара міндеттемелері мен жеңілдіктері бар технологиялары танылады.
СІЗДІҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫҢЫЗ!
01
02
Сіз меншікті кәсіпорынның иесі бола тұра,
сонымен бір мезгілде бас ұйымнан тұрақты қолдау алып тұрасыз.
Сіз ломбардтың бұған дейін тұтынушыларға танымал болған логотипін, атын және беделін пайдаланасыз.
Бізбен бірге өз бизнесіңізді аша отырып, біздің жинақтаған тәжірибемізді пайдаланып, сіз өз шығындарыңыз бен коммерциялық тәуекелділікті азайтасыз, қажетсіз шығындардан арыласыз.
Сіз қаражатыңызды көбейтуге мұқтажсыз ба? Біз сіздерге кредиттік ресурстарға қол жеткізу қызметін көрсете аламыз.
03
04
Сіздің басты міндетіңіз – бизнесті қаржыландыру. Қалғанының бәрін біз өз міндетімізге аламыз:
+7 700 000 0006
Ломбардты тіркеу.
Сіздің ломбардыңыздың орнын таңдау, Сіздің бизнесіңіздің 90 % табысты болуы, ломбардыңыздың дұрыс таңдалған орнына байланысты.
Персоналды ломбардтағы жұмыстың қыр-сырына, кепілдікті бағалауға, бағдарламалық қамтамасыз етуге үйрету. Желіде арнайы жабдықталған жекеменшік оқыту және қызметкерлерді қайта мамандандыру орталығы бар. Біз барлық қызметтестік кезеңінде тұрақты түрде сіздің қызметкерлеріңізге оқыту және тестілеу жүргіземіз. Біздің мамандар оқытудан кейін міндетті аттестаттаудан өткізеді және сіздің болашақ қызметкерлеріңіздің біліктілігіне қатысты ұсыныстар береді.
Қызметкерлерді таңдау мәселелерінде кеңес беру.
Барлық қызметтестік уақытта заңгерлік және бухгалтерлік сүйемелдеу көрсету.
Ақша қаражаттарын тартуға қолдау көрсету.
Компания имиджін қалыптастыру, компания сайтын ілгерілету, жарнамалау акцияларын өткізу.
Ломбардтарға аудиторлық тексеру қызметін көрсету.
франшизаны сатып алу үшін тапсырыс рәсімдеңіз
16000, Қазақстан Республикасы,
Шымкент қ., Қонаев даңғылы, 3 б
e-mail: saya@saya.kz